«AMANAT»: Семинар-кеңестің үшінші кезеңі басталды

Oinet.kz 19-07-2022 564

Screenshot_6.jpg

Бүгін ауылды жерде бизнес-жоспарды іске асырудың дәрістерін өтетін семинар-тренигтің соңғы кезеңі басталды. Білікті бизнес-тренерлер кәсіпті ілгерілетудің механизмдерін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған семинар-тренинг барысында Шардара, Отырар, Сауран, Түлкібас аудандары мен Кентау, Арыс қаласына қарасты елдімекендердің әкімдері және  партияның атқарушы хатшыларымен бөлісуде. 

Семинар-кеңестің алғашқы күнінде әдеттегідей әр елдімекен тұрғындарының қай кәсіпке бейім екендігін анықтайтын сауалнаманы жүргізудің әдістері көрсетіледі. Тренинг барысында Сауран ауданы, Майдантал ауылының әкімі Досболов Жандос қызықты ақпараттарға көз жеткізіп жатқандығын айтады.

-Семинар-кеңестің алғашқы күнінен әріптестеріміз белсенді атсалысуда. Қазір ауыл шаруашылығы саласында кооперативтерді құру мен оны дамытудың жолдарын меңгерудеміз. Алдағы уақытта жергілікті шаруалармен білгенімізді бөлісіп, тәжірибе жүзінде іске асырамыз деген ойымыз бар,-дейді Жандос Мұратұлы.

Ауыл әкімдері мен партияның атқарушы хатшыларына арналған семинардың соңғы легі 20-маусым күні аяқталады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Түркістан облысында гарпунмен заңсыз балық аулаған екеу ұсталды
"AMANAT": Тозығы жеткен электр бағаналары ауыстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу