Түркістан облысында гарпунмен заңсыз балық аулаған екеу ұсталды

Oinet.kz 19-07-2022 484

Түркістан облысы ПД ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторлары заңсыз аңшылық, балық аулау, сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жан-жануарларды жоюдың алдын алу, болдырмау бағытында облыстың әр түкпірінде тұрақты тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Screenshot_5.jpg

Осындай кезекті рейдтік-профилактикалық іс-шара жүргізу кезінде Шардара аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау тобының инспекторлары мен су қорықшылары бірлесіп, Арнасай шығанағының аймағында «гарпун» құралын пайдаланып, заңсыз балық аулаған браконьерлерді ұстады.

Хабарлама алысымен бірден оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері заңсыз балық аулаған жергілікті тұрғындардан айғақты зат ретінде 3 дана гарпун құралы, 2 дана суда жүзуге арналған киімдер жинағы мен 100 келіге тарта ақбалық балығын тәркілеп алды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі “Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулауға болмайтындығын ескертеді. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы, заң алдында жауап беруге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан полицейлері жоғалған 10 жасар жасөспірімді тауып, үйіне қайтарды
«AMANAT»: Семинар-кеңестің үшінші кезеңі басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу