«Қинап өлтіруі мүмкін»: Павлодарда еріктілер орманнан адам сүйектерін тапты
Павлодардағы ерікті орманнан адам сүйекерін тауып алған. Ол мәйіттің қинап өлтірілген адам болуы мүмкін деген болжам айтады, деп хабарлайды OInet.kz тілшісі “Евразия 1” арнасына сілтеме жасап.
Іздеу тобының еріктісі Константин Чускаев кездейсоқ адамның қабіріне тап болғанын жеткізді. Айтуынша, оның хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруде көп жылдық тәжірибесі бар. Сол себептен де адам мен жануарлар сүйегін шатастырмай біле алатынын қоса кетті.
"Балық аулап, қайтып келе жатқанда шұңқырға көзім түсті. Сол шұңқырдың жанынан өтіп бара жатып, адамның сүйектерін, яғни бас сүйегін, төменгі жақ сүйектерін көрдім. Жақындап қараған кезде қасында тағы сүйектер жатты",- деді “Vita” іздеу тобының мүшесі Константин Чускаев.
Деректерге сәйкес адам қалдықтары табылған шұңқыр өте жаңа, шөбі жоқ, арнайы тиегішпен қазып алғандай шекаралары нақты анықталған. Ал сүйектер адамның төменгі жақ сүйегіне ұқсайды.
Сүйектер бөліктерге бөлінгендей бөлек жайғастырылған. Еріктілер қорқынышты жайтты полицейлерге хабарлаған. Бұл кімнің мәйіті екені табылған дененің тістері арқылы анықталуы мүмкін. Полиция істі тіркеп, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жыл басынан бері облыста жеті адам хабар-ошарсыз кеткен. Табылған қалдықтар өткен жылдардағы жерлеуден болуы мүмкін.