Асқар Ақаев Қазақстан не себепті қарыштап дамитынын айтты

Oinet.kz 07-07-2022 3966

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев алдағы уақытта елімізді "серпіліс" күтіп тұрғанына сенімді. Сөзінше, Қазақстанға мүмкіндікті жіберіп алмай, білімге инвестиция құюды бастау керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Forbes.kz басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

Ақаев экономикадағы өсімнің басты себебі Қазақстандағы демографиялық жетістік екенін айтады. 

"Демография – халықтың тағдыры. 1990-жылдары жапондықтар бесінші буындағы компьютерлерді жасап, жасанды интеллектке жақындады, Американы барлық салада басып озды. Сарапшылар 5-10 жылдан кейін Жапония экономикасы әлемде 1-орынға көтеріледі деп санаған. Алайда бұлай болмады. Мұның себебі Жапониядағы туу көрсеткіші баяулады.

Қазір Қазақстанда халық санының өсімі мен білім деңгейі жақсы. Сіздерге не істеу керек? Сіздерге цифрлық сауаттылық деңгейі 30%-дан көтерілуі үшін цифрлық білімді қолға алу керек. Осы кезде сіздерде технологиялық серпіліс болады", – деді Қырғызстанның бұрынғы президенті. 

Полицейлер жазасын өтеп жүрген шымкенттік ер адамды ірі көлемді есірткімен ұстады
«Қинап өлтіруі мүмкін»: Павлодарда еріктілер орманнан адам сүйектерін тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу