Үш жасар бала алтыншы қабаттағы терезеден құлап кетті
Семей қаласында 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап көз жұмды, деп хабарлайды Оinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 27 маусым күні сағат 17:00 шамасында Панфилов көшесінде болған. 6-қабатта орналасқан пәтердегі ашық терезеден 3 жасар бала құлап көз жұмды. Баланың анасы сол уақытта көрші бөлмеде болған.
"Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері – терезелері ашық үйде қараусыз қалу, терезелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, терезе жанында үстелдің, орындық пен диванның орналасуы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Құтқарушылар өңір жұртшылығына қауіпсіздік шараларын үнемі қаперде ұстау керектігін ескертті.