Ер адам көшеде ойнап жүрген баланы алдап үйіне кіргізіп, зорлаған
Түркістан облысында ер адам көшеде ойнап жүрген баланы алдап үйіне кіргізіп, зорлаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.
Оқиға Түркістан облысы Шұбарсу ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бес жастағы баланы ер адам "Үйге жүр, балаларыммен ойнайсың" деп үйіне кіргізіп алған. Бұдан соң бүлдіршінді етбетімен жерге жатқызып, екі қолымен жылыту құбырын ұстатқызып, зорлайды.
Азаматтың өзінің үш баласы бары анықталды.
Кейін оны полиция қызметкерлері қамауға алып, ҚК 121-бабының 4-бөлімімен (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) істі сотқа жеткізген. Оған қатысты сот үкімі шықты.
Оның қылмысы сот сараптамасының қорытындысымен, жәбірленуші мен куәлардың жауаптары арқылы дәлелденді. Сот үкім шығарарда оның бұрын сотталмағанын, қылмысына шын өкінгенін ескерді.
Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары, яғни қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Сот үкімі күшіне енді.