Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Министрліктің аппарат жиналысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп асханаларындағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме тастап.
«Қазір ыстық тамақпен қамтамасыз ету көрсеткіші өсіп отыр дейміз. Бірақ одан бөлек қазірдің өзінде ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған асханалардың жұмысын жетілдіруде жүйелі жұмыс болуы керек. Ол бойынша комитет тисті заңнамалық өзгерістер дайындады. Ас мәзірін Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жаңадан қарауымыз керек», - деді ол.
Министр мектептегі буфет өнімдері мен тауарлардың бағасына қатысты мәселелер бар екенін атап өтті.
«Әр білім бөлімі, әр білім басқармасы бұған көңіл бөлуі керек. Елорда мектептерінің өзінде бағаның өсуі бар. 0,5 литр судың бағасы 350 теңге деген - масқара. Басқа облыстар да мектеп асханаларындағы бағаны қараңыздар. Осы мәселені жүйелі шешу үшін тиісті заңнамалық өзгерістер енгіземіз. Жаңа оқу жылына дейін бұл проблема шешілуі керек», - деді Асхат Аймағамбетов.