«Шашын құйқасымен бірге жұлып алды»: Ақтөбелік ана ит талаған қызының киімдерін көрсетті

Oinet.kz 13-06-2022 3308

Ақтөбеде бұралқы иттер көп жүретін ауданның тұрғындары "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңға өзгеріс енгізуді талап етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Алтынгүл Жарылғапова баласы қаңғыған иттен зардап шеккен аналардың бірі. Бір ай бұрын 13 жастағы қызын бірнеше ит талап, ол ұзақ уақыт ем алған. 

Баласын жақында ғана ауруханадан шығарып алған ана бүгін мектепке келіп, қызының жыртылған киімдері мен жұлынған шашын көрсетіп, шара қолдануды сұрады. Алтынгүл Жарылғапова ит талаған қызының киімін көрсетуде. 

"Міне, қызымның сол күні киген шалбарынан қалғаны осы. Аямай талап тастаған. Үстіндегі кофтасы қаннан көрінбейді. Шашын құйқасымен бірге жұлып алды. Басын бірнеше жерден тікті. Баламыз осындай зәбір көретіндей үкіметке біз не істедік? Қызым қазір үйден шығуға қорқады. "Есікті құлыптап кет", - деп жылайды. Менің қызымды ит талаған кезде бірден шара қолданса, бұлай болмас еді. Кеше ғана жануар тістеп өлтірді делінген баламен бір мектепке барамыз. Ауданымыз қаңғыған иттердің астанасы сияқты. Айналада қаптап жүр. Адамға шауып, бала жеген итті неге аяймыз? Жан-жағымызда адам жейтін иттер толып жүрсе, біз қалай тыныш отырамыз?", - дейді Алтынгүл Жарылғапова. 

Талғар әкімін сайлау барысында Назарбаев ең төмен пайыз көрсеткішіне ие болды
Еркекке тұрмысқа шыққан Амилайдың шын аты - Абылай екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу