«AMANAT»: Партия филиалдары азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал етуде

Oinet.kz 10-06-2022 491

aeee7b7e-33f3-4e5e-94ec-33e0e696dca0.jpgТүркістан облысында жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы І тоқсанында 5,2 пайызды құрады. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан босату, еңбекақы өндіру мәселелері бойынша азаматтардан жиі өтініш келіп түседі. Мәселен, жыл басында 5500-ден астам өтініш тіркелген болса, оның 500-ден астамы аталған  проблемаға қатысты. Маусым айы басталғалы партияның араласуымен бірнеше азамат жұмыспен қамтылды.

Сайрам аудандық мәслихат депутаттары А.Ұзақова, А.Искаков және А.Тайжанов партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды арыз-өтініштері бойынша қабылдады. Қарамұрт ауылының тұрғыны Н.Иристаева ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Қабылдауға келудегі себебі  жұмыссыздық мәселесі. Осы ауыл тұрғыны З.Байзакова да жұмыспен қамтуға көмек сұрай келді. Депутаттар аудандық жұмыспен қамту орталығы және жеке кәсіпкерлермен байланысып, нәтижесінде өтініштер оң шешілді. Н.Иристаева «ҚарамұртГаз» ЖШС мекемесіне, ал З.Байзакова «Балдәурен» балабақшасына жұмысқа орналасуға жолданды.

Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де жұмыссыздық мәселесі оңталы шешілді. Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі А.Жөргенбайдың қабылдауында болған А.Сұлтанова «аспаз» мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыруды сұрады. Өтініш иесінің мәселесі қанағаттандырылып, Темірлан ауылындағы мейрамханалардың біріне тұрақты жұмыспен қамтылды.

Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты С.Кенжебаев аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Р.Әбілханов бос жұмыс орындары болса еңбекке қабілетті екенін жеткізді. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар аясында аудандық Жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналастырылып, мәселе шешімін тапты.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қаңғыбас иттен қаза тапқан баланың өліміне өзін кінәлі сезінеді
Ит тістеген баланың өліміне кім кінәлі? Жануарлар құқығын қорғаушы шенеуніктерді айыптады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу