Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қаңғыбас иттен қаза тапқан баланың өліміне өзін кінәлі сезінеді
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов 12 жасар баланың қаңғыбас иттерден қайтыс болуына өзін кінәлі сезінетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
9 маусым күні құрылыс алаңында қаңғыбас иттердің тістерінен көптеген жарақат алған 12 жасар баланың денесі табылды.
"2 наурызда жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң қабылданды. Оның күшіне енуі үшін иттер мен мысықтарды асырау туралы заңға тәуелді актілер қажет. Актілер тіркелген бірақ олар 60 күннен кейін күшіне енеді. Яғни 18 шілдеден кейін ұсталған иттерді асырағысы келетіндер арасында жарыс өтеді", - деп түсіндірді Жақсығали Иманқұлов.
Шенеунік болған оқиғаға жауапкершілікті сезіне айтып, оң жауап берді. Айтуынша егер жұмыс дұрыс атқарылмаған болса, қызметтен кетуге де дайын.
Ақтөбеде 25 мамыр мен 10 маусым аралығында 274 ит жойылды.