Дұғаларыңызға мұқтажбын: Ердос Қанаевтың жазбасы елді алаңдатты

Oinet.kz 07-06-2022 16790

"Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, қалың көпшіліктен қолдау сұрады. Өнер иесі бүгінде халықтың дұғасына мұқтаж екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Эстрада жұлдызы жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Ол табиғат аясынан фото жариялап, оның астында "Дұғаларыңызға мұқтажбын" деген үндеу қалдырған. Әнші өз жазбасымен желі қолданушыларын алаңдатты. 

Қалың көпшілік өнер иесін сұрақтың астына алып, оның жағдайын білмек болды. Кейбір оқырмандар әртіске тез сауығып кетуін тілеген. 

Алайда Ердос Қанаевтың өзі сырқаттанып қалғаны жөнінде парақшасында ешқандай ақпарат бермеген. 

Туған бауырын өлтірді деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны қамалды
Семейде жұмысқа кеткен азаматтың мәйіті табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу