Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әнші әрі актриса Жанар Айжанова бүгінгі таңда ата мен келін мәдениетіне көңілі толмайтынын айтты. Ол "Қызық Live" бағдарламасында қазіргі қайын аталарды сынға алып, олардың басты қателігін атады.
"Бұрын ағаларымыз, әкелеріміз, аталарымыз, балтыры ашылып, қарны ашылып не дастархан басында жалаңаштанып отырмаған. Әжесі не анасы "қарындасыңның көзінше балтырыңды неге ашып жүрсің" деп басынан салып қалатын. Аталарымыз келіндерінің көзінше үнемі жеңі ұзын жейде киетін.
Қазір қайын аталар қарнын ашып, дастархан басында отырады. Шортымен жүреді. Атасы қайсы, келіні қайсы, енесі қайсы белгісіз. Енесі өзі жалаңбас, шашы химия, келініне орамал тағып қояды. Өзің диуанасың, кімге пір боласың?”, - деді Айжанова.