Қазақстан-Қазақия, Нұр-Сұлтан-Алаш-Орда болсын!

Oinet.kz 02-06-2022 1523

Саяси партиясын тіркеу жұмыстарымен шауып-шапқылап жүрген Болат Әбіловтың қарқыны қатты. Ол қазірдің өзінде жұртты «оһ» дегізетін бірнеше мәлімдемелер жасап тастады. 

Screenshot_4.jpg

Бұған дейін белгілі болғандай жаңа партия "Bizdin Tandau"  деп аталады.  Әбіловтың айтуынша, оның партиясы мамырдың аяғында, маусымның басында тіркелуі тиіс. Ол қазірдің өзінде билікке бірнеше саяси реформаларды ұсынып үлгерді. 

Әбілов пен оның жақтастарының айтуынша, Қазақстан бірінші кезекте тиімсіз одақ саналатын Еуразия экономикалық одағынан және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығып кетуі тиіс. Сонымен қатар түркі елдерімен одақ жасасуы керек. Себебі бұл шешім Қазақстанның ешқандай қауіп төндірмейді екен. 

-Экономикалық тұрғыдан Еуразия экономикалық одағы бізге тиімсіз. Сондықтан одан шығып кету керек. Бұдан біздегі үлкен бизнес, олигархтар зардап шекпейді. Қарапайым халық, шағын бизнес зардап шегеді,-дейді Әбілов. Оның ойынша, Ұжымды қауіпсіздік шарты ұйымы да елдің қауіпсіздігіне жауап бере алмайды. Сол себепті Қазақстан түркі елдерімен әскери одақ құру мәселесін қарастыруы керек. 

Елдегі «Самұрық-Қазына» қоры таратылуы тиіс. Әбілов пен оның жақтастарының ойынша, бұл құрылым өзіне тиесілі міндетті орындап отырған жоқ. 

-Жақында түрік бизнесмендерімен кездесу өтті. Қазақстан кәсіпкерлерінің атынан жалғыз «Самұрық-Қазына» қорынан бір өкіл сөйледі. Бұдан кейін бірыңғай түрік бизнесмендері сөз алды. Сонда біздің бизнесмендеріміз қайда? Біз әлемге өзіміздің, тәуелсіз, нәтижелі бизнесімізді неге көрсете алмаймыз?!  Біздің ойымызша, «Самұрық-Қазына» қоры таратылуы тиіс. Мемлекеттің иелігінде «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп»,  «KEGOC»,  «КазТрансГаз» сияқты ірі компаниялар ғана қалып, қалғандары жекешеленуі керек. 

Әбіловтың айтуынша, Қазақстанды-Қазақия, Нұр-Сұлтанды-Алаш-Орда деп атау қажет. 

-Тарихта біз алғаш рет өз атауымызды өзіміз таңдайтын боламыз,-деген Әбілов «Қазақстан» атауын Кеңес одағы бергендігін алға тартыпты. Саяси белсенді сондай-ақ, Алматыдағы Назарбаев көшесін «Қаңтар» деп атап, Орталық алаңға қаңтар оқиғасы трагедиясына арналған мемориал орнатылуы тиістігін айтып отыр. 

Қаңтар оқиғасын тергеу жұмыстары неге ұзап кетті: Ішкі істер министрлігі жауап берді
«Келінінің көзінше қарнын ашып отырады» - Жанар Айжанова қайын аталарды сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу