«Бақытбек Айарудың тойына келсе деймін» - Баян Мақсатқызы

Oinet.kz 16-05-2022 1411

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы түрмеде отырған бұрынғы күйеуімен кездесу жайлы ойын айтты. Бұл туралы ол Мискузи Боул арнасында хабарлады.

Screenshot_7.jpg

Баян Алагөзова бұрынғы күйеуімен алдағы уақытта кездесуді елестете алады. Себебі ол балаларының әкесі. Ортақ қыздары, ортақ қуаныштары бар. 

“Мен Бақытбекпен кездесу туралы ойлаймын. Көрмей кететін ешнәрсе жоқ. Керісінше бұл бір аяулы кездесу болатын шығар. Ол маған бөтен адам емес. Біз 21 жыл бірге тұрдық. Біздің ортақ екі қызымыз бар. Айсәуленің тойында ол болған жоқ. Енді Айарудың тойында әкесі болғанын қалаймын. Ол жақсы әке. Жақсы адам. Ал біздің арамыздағы ұрыс ол біздің жеке проблемамыз. Оның балаларға қатысы жоқ. Мен қыздарыма солай айтамын. Мен үшін әкесін жек көрудің керегі жоқ. Ұрысқа балаларды араластырмау керек. Мен солай ойлаймын. Ол да солай ойлайдын деп үміттенемін”, – деді продюсер.

Жанар Айжанова жиеніне бірінші күйеуінің фамилиясын берді
Тест: Жассың ба, кәрісің бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу