Тест: Жассың ба, кәрісің бе?

Oinet.kz 06-05-2022 7516

Суретке барлап қараңыз. Жас қызды көріп тұрсыз ба әлде кәрі әжені көріп тұрсыз ба? Бұл психологиялық тест сіздің өмірге көзқарасыңызды анықтайды.

Screenshot_8.jpg

Егер қыз баланы көрсеңіз

Сіз нағыз оптимиссіз. Басыңызға қандай күн туса да, мойымайсыз. Сізді жайбарақат қалпыңыздан айыру мүмкін емес. Тіпті ақыр заман болып жатса да, бұл кезде сіз күннің батуына тамашалап, бейқам жатуыңыз мүмкін.

Егер кәрі әжені көрген болсаңыз

Таза реалиссіз. Өзгелер жартылай шұбат құйылған стақан бос па, толы ма деп дауласып жатқанда, сіз оған шұбатты толтырып құйып алып, дәміне рахаттанып отырасыз. Сіздің ең мықты тұсыңыз осы – кез келген жағдайға тіке қарап, дұрыс бағалай аласыз

«Бақытбек Айарудың тойына келсе деймін» - Баян Мақсатқызы
Сәбит Шонтақбаевтың ата-анасына бір миллион теңге табысталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу