Полицейлер «Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңістің 77 жылдығына» орай оқушылар арасында сайыс ұйымдаст

Oinet.kz 06-05-2022 1175

Screenshot_11.jpg

Отырар аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерінің  ұйымдастыруымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай аудандық кітапханада  көркем сурет салудан жарыс өтті. Шараға жалпы 25 оқушы қатысты. 

Шараның мақсаты – «Отан қорғаушылар» күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын жасөспірімдерге дәріптеу, оларды патриотизмге тәрбиелей отырып, қиялдарына қанат бітіретін суреттер салғызу. 

Көркем сурет салу - бала қиялын дамытуға, икемін бағыттауға арналған бірден бір құрал.  Аталған іс-шараға қатысушылар «Соғыссыз әлем», «Әлемді қорғайық» тақырыптары аясында суреттер салды. Олардың салған суреттері төрешілерді тәнті етті. Жарыс қорытындысымен I орынды 8-сынып оқушысы Әдемі Қайрат, II орынды Палымша Балашбек, III орынды 7-сынып оқушысы Үсен Алтыбеков жеңіп алды. Тартысты бәсекеде топ жарып, өздерінің өнерлерін көрсете білгендерге Отырар АПБ  құрамы дайындаған алғыс хаттармен  марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Полицейлер жасөспірімдерге сурет салуда өнерлерін көрсеткендері үшін алғыстарын айтты. Тәртіп сақшылары оларға тек пайдалы іспен шұғылдануға кеңес берді. Полицейлер тарапынан мұндай шаралар  алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістандық полицейлер 5 күн бойы үйіне оралмаған оқушы қызды тапты
Полицейлер наубайханадан телефон ұрлаған тұрғынды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу