Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Мақпал Жүнісова өзінің қазірден бастап қызын тұрмысқа беруге дайындалып жүргенін жасырмады. Осы жылы Мерей 18 жасқа келеді, бір отбасының аяулы келіні атанар қуаныштың да ауылы алыс емес.
Ертеңгі күні өзінің атына сын келмес үшін, Жүнісова ханым қызының еркелігін тыйып, болашақ келін рөліне дайындауда. Әртіс жақында қызының ауланы сыпырып жатқан сәтінен видео жариялады.
«Мен қызыма өмірде ең бастысы жақсы өмірлік жолдас табу деп үнемі айтып отырамын. Болашақта жақсы жар, аяулы келін болып, дәстүрімізді сақтап, ардақты ана атағына ие болғаны маңызды. Ең бастысы ол еңбексүйгіш, қолынан бәрі келетін келін болуы керек», — деді Мақпал Жүнісова «Таңғы хабар» бағдарламасына берген сұхбатында.