Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті
24-10-2022
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік нышаны - мемлекеттік рәміздер» атты облыстық шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Аталған Ереже ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Тәуелсіздік нышаны - мемлекеттік рәміздер» атты облыстық шығармашылық байқауын ұйымдастыру, өткізу және қорытындысын шығару қағидаттарын белгілейді (бұдан әрі - Байқау).
1. Байқауды ұйымдастырушы: Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы
2. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімдері
2.1. Байқаудың мақсаты: Мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі – рәміздердің маңыздылығын халық арасында насихаттау. Рәміздердің мәні мен мағынасын және олардың қолданылуын, сондай-ақ мемлекеттің қалыптасуын түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2.2. Байқаудың міндеттері:
2.2.1. БАҚ арқылы мемлекеттік рәміздердің тарихын, оның қадір-қасиетін насихаттап, ел арасында мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге шығармашылық тұрғыдан ықпал ету
2.3. Байқау номинациялары
1 номинация: «Рәміздер – мемлекет дамуының ажырамас бөлігі» тақырыбында мақала жазу
2 номинация: «Тәуелсіздік символы - рәміздер» тақырыбында бейнеролик;
3 номинация: «Ел егемендігі мен ұлттық біртұтастығымыздың нышаны» тақырыбында фоторепортаж;
2.4. Жұмыстарды қабылдау 2022 жылғы 3 мамырдан 2022 жылғы 17 мамырға дейін жүргізіледі. Байқауға қатысу тегін.
Байқауға қатысқан материалдарды қазылар алқасы 2022 жылғы 17 мамырдан 25 мамырға дейін қарап, байқау қорытындысы 2022 жылдың 1 маусымға дейін өткізіледі. Байқау қорытындысы Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік желілердегі парақшаларында қорытынды шығарылған күннен кейін 3 жұмыс күні ішінде жарыққа шығарылады.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушылары қатыса алады.
4. Байқауға жіберілетін жұмыстарға қойылатын талаптар
4.1. Байқау қатысушылары мемлекеттік рәміздерге деген өз көзқарастарын шығармашылық түрде білдіру керек. Сонымен қатар, байқауға жіберілген жұмысты әлеуметтік желіде жеке өздерінің парақшаларында #Рәміздер_байқауы хештегімен жариялауы тиіс.
4.2. Қатысушы жұмыстарды жеке орындауы қажет және авторлық құқықтар туралы заңнаманы бұзбауы тиіс.
4.3. Әрбір қатысушы байқауға бір ғана жұмыс ұсына алады. Барлық кейінгі жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді және қаралмайды.
4.4. Байқауды ұйымдастырушы сапасы төмен байқауға жіберілген жұмыстарды, сондай-ақ байқаудың тақырыбына сәйкес келмейтін жұмыстарды қабылдамауға құқылы.
4.5. Байқауға жұмыстар мен өтінімдер мемлекеттік және орыс тілінде қолма-қол Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 17 ғимаратқа және электронды нұсқада baikau2022@inbox.ru поштасы арқылы қабылданады.
4.6. Қатысушылардың жұмыстары электронды нұсқада (шрифт Times New Roman 14-пен, интервал 1,5, А4 форматта кемі 2 бет) ал фотолар жоғары сапада (raw или jpeg форматта), видеоматериал ұзақтығы 3 минуттан аспайтын (4к немесе Full HD 1080р) бейнефайл түрінде baikau2022@inbox.ru электрондық поштаға БАЙҚАУҒА деген жазумен ұсынылады.
5. Байқау қорытындыларын шығару, байқау жеңімпаздарын хабарлау және марапаттау
5.1. Байқауды қорытындылау үшін Ұйымдастырушы тарапынан қазылар алқасы (БАҚ кеңесінің мүшелерінен) (бұдан әрі - Қазылар алқасы) құрылады.
5.2. Қазылар алқасы жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:
- ақпараттық толықтыру (тақырыптың толық ашылуы, тақырыпқа және негізгі идеяларға, байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі);
- операторлық түсірілімнің, бейненің, дыбыстың сапасы, музыка таңдауы;
- бейне монтаж сапасы (музыка мен бейнелеулерді үйлестіру);
- уақытша регламентті сақтау;
- жұмыстың бірегейлігі және креативтілігі;
- жұмысты орындау кезінде техниканы, ұтымды тәсілдерді, шешімдерді пайдалануы;
- жұмысты орындаудағы даралық дербестігі, өзіндік көзқарасының болуы.
6.Байқаудың жүлде қоры – 1 000 000 тг
6.1. 1 орын – 100 000 тг (үш номинация бойынша)
2 орын – 100 000 (үш номинация бойынша)
3 орын – 100 000 тг (үш номинация бойынша)
Ынталандыру сыйлығы – 50 000 тг.
6. Қорытынды ережелер
6.1. Байқауға қатысушылар ұсынған жұмыстарды ұйымдастырушы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасында және БАҚ құралдары арқылы таратуға пайдалана алады.
6.2. Байқауды Ұйымдастырушы мен Қазылар алқасының мүшелері жұмыстарды бағалау кезінде қабылданған шешімдеріне түсініктеме бермейді. Байқаудың қорытындылары бойынша қарсылықтар, апелляциялар, наразылықтар қабылданбайды. Осы Ереженің талаптары бұзылған немесе қазылар алқасына, Ұйымдастырушыға немесе байқаудың басқа да қатысушыларына құрметтемейтін және дөрекі қарым-қатынаста болған жағдайда қатысушы байқаудың кез келген кезеңінде байқауға қатысудан шығарылуы мүмкін.
6.3. Байқауға қатысу мәселелері бойынша сұрақтар туындаса 8(72533) 5-90-87, 8 702 896 40 45, 8 775 368 57 85 байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар.
6.4. Байқауды Ұйымдастырушы осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Байқауға қатысу өтінішінің үлгісі:
Қатысушының аты-жөні (толық)
Жұмыс тақырыбы
Әлеуметтік желіде жеке өздерінің парақшаларында #Рәміздер_байқауы хэштегімен жарияланған материалдар сілтемесі
Электрондық пошта (е-mail)
Байланыс телефоны
Тұрғылықты мекен-жайы