Түркістанда патриоттық әндер байқауы өтті

Oinet.kz 24-10-2022 451

Түркістанда Республика және Қала күні мерекелеріне орай жалпы орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында қалалық  ән байқауы өтті. "Түркістан – жүрегімнің төріндесің" тақырыбындағы сайысқа  2-11 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Screenshot_6.jpg

Балалардың терең білім алуымен қатар, өнерге бейімдеу, бойларындағы талантты танып, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауда оқушылар "Түркістан", "Отан", "Туған жер" жайлы патриоттық әндер орындады. Байқау нәтижесінде М.Мәметова атындағы №6 жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Дінмұхаммед Алпыс бас жүлдеге ие болып, байқау жеңімпазы атанды. 

Барлық қатысушылар Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің диплом және мақтау қағаздарына ие болды. Қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Акбар Исхаков пен қазылар алқасының төрағасы Емен Сәметов байқауды қорытындылып, жүлдегерлерге марапаттарын тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Түркістан: Төлебидегі семинар-тренингте жастар озық идеяларын ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу