«Айтұмар» балалар әдебиетінің үздік туындыларының республикалық байқауы

Oinet.kz 05-10-2022 637

Қазақстан Жазушылар одағы «Samruk-Kazyna Trust» ( @samruk_kazyna_trust ) әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Айтұмар» Балалар әдебиетінің үздік туындыларының Республикалық байқауын ұйымдастырып отыр.

Screenshot_8.jpg

Байқауға шығармалар төмендегі үш жанр бойынша қабылданады:

- Проза;

- Поэзия; 

- Драматургия.

Қатысушыларға арналған талаптар:

- Байқауға қолынан жазу келетін, 14-35 жастағы ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады;

- Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша шығарма қабылданады.

• Шығармалар 6 қазаннан  3 Қарашаға дейін қабылданады.

Қатысушыларды іріктеу критериилері:

- Байқауға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. -Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс.

- Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады. (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).

- Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді. 

Байқауға қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар: 

- Шытырман оқиға;

- Саяхат бағытындағы шығармалар;

- Қаһарман кейіпкердің бастан кешкендерін баяндайтын шығармалар;

- «Made in Kazakhstan»

- «Әлемге не бере аламын?»

- Баланың ойы мен қиялын ұштайтын туындылар;

- Әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар;

- Адамгершілікке, рухани дамуға бағыттайтын шығармалар;

- Өмірді сүюге құштарлығын арттыратын шығармалар,

- Фантастика;

- Ертегі жанрындағы шығармалар;

Қатысушы парағы толтырылған, «Айтұмар» байқауына» деген тақырып қойылған өтінімдер konkursaitumar2022@gmail.com электронды поштасында қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін: 8747- 286- 36- 96

Арам қанымды соратын басымда биттердің болмағанын қарашы
Бір жарғанат өлтірсең - бір адам өлтіргенің
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу