Қазақстан БҰҰ-да Украинадан әскердің шығарылуына қатысты резолюцияға дауыс беруден бас тартты
OINET.KZ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы әлеуметтік сессия аясында Ресейдің Украинадағы операциясына қатысты резолюция қабылдады. Резолюцияда ұйымдағы мемлекеттердің Мәскеуден Украина аумағындағы әскерін шығаруды және "күш көрсетуді" тоқтатуды талап еткені көрсетілген. Алайда құжаттың ешқандай заңдық күші жоқ.
Құжаттың қабылдануын 141 мемлекет қолдаған. Ал 5 мемлекет, Ресей, Беларусь, Сирия, Солтүстік Корея мен Эритрея қарсылықтарын білдірген. 35 мемлекет дауыс беруден бас тартқан. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан мен Куба және т.б. елдер бар.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығарылуына қатысты пікір білдіріп, мұндай механизмнің жоқ екенін айтқан.