Зеленский: Мен өз орнымдамын

Oinet.kz 05-03-2022 1863

OINET.KZ - Украина президенті Владимир Зеленский үндеу жолдап, өзінің Украинадан кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Украина президентінің сөзінше, ол қазін Киевте, ал бейнеүндеу жұмыс кабинетінде түсірілген. 

Screenshot_14.png

"Мен өз орнымдамын және президент кеңесінің басшысы Андрей Борисович те осында. Ешкім ешқайда қашқан жоқ", - деді Зеленский.

Сонымен қатар ол өзінің Украинадан кеткені туралы ақпараттың әр екі күн сайын шығатынын айтады. 

Бұған дейін Мемлекеттік дума басшысы Вячеслав Володин Зеленскийдің Украинадан кетіп, қазір Польша жерінде екенін мәлімдеген. 

Кейін Жоғарғы Рада депутаты Илья Кива да Зеленскийдің елін тастап кеткенін айтқан. Сөзінше, мемлекет басшысы әрі қарайғы тапсырманы АҚШ-тың Польшадағы елшілігінен береді. 

26 ақпанда да Володин Зеленскийдің өз жақтастарымен Львов қаласына кеткенін мәлім еткен. Дәл сол күні Зеленский Киевтегі Банковой көшесінен бейнеүндеу түсірген болатын. 

Айта кетейік, бұған дейін Зеленский Путинді келіссөзге шақырған еді. Ол Украинаның Ресей көршісі екенін алға тартқан.

Ө.Шөкеев: «Мемлекетіміздің дамуы аналарымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі көрегенділігіне байланысты»
Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу