Тоқаев Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Oinet.kz 03-03-2022 1023

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина бастамасымен Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы президент кеңесшісі Берік Уәли айтты.

 Screenshot_19.png

"Украина тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті", – деді Берік Уәли. 

Олар Украинадағы жағдайға қатысты өз ойларымен бөлісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жанжалды тоқтату мақсатында келіссөз жүргізудің маңызды екенін мәлімдеген. Сондай-ақ ел басшылары екі елдің гуманитарлық салада серіктес болуы жөнінде келіскен. 

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді. Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы жөніндегі мәселелерді талқылады.


Қазақстан БҰҰ-да Украинадан әскердің шығарылуына қатысты резолюцияға дауыс беруден бас тартты
Имам танымал әншілердің хиджапты ойыншық қылғанына наразылығын білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу