Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады.
"Елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар. Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа мөлшері - 99 937 теңге", - деді Шапкенов сәрсенбіде өткен алқа отырысында.
Министрдің ақпаратына сәйкес, бұл сома базалық зейнетақыдан (31 098 теңге) және ынтымақты зейнетақыдан (68 839 теңге) құралады.
Шапкенов 2021 жылы қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілгенін еске салды. Ол ақшаға тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге болады.
"2022 жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша 2,79 миллион теңгеге 1 миллион өтініш мақұлданды", - деді Шапкенов.
Оның айтуынша, 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5%-тік міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу қарастырылған.