Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртасты туған күнімен құттықтады. Актриса әншіге ақ жарма тілегін айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасты ел алдында құттықтап, ақ тілегін жеткізді.
“Жаңа жасың тек жақсылығымен келсін. Елдің саған деген махаббаты ортаймасын, қыздарымыз бой жетіп, ұлдарымыз ер жетіп, үмітімізді ақтасын. Жолың ашық болсын. Алла тура жолынан тайдырмасын”, – деп жазды Жұлдыз желідегі парақшасында.
Қайрат Нұртас 33 жасқа толған туған күнін Мальдив аралында өткізген еді. Әнші өнер өкілдері мен жақындарының ортасында думанды кеш өткізді. Алайда бұл кеште жары мен балалары бой көрсеткен жоқ.