АҚШ өз азаматтарын Ресейден кетіріп жатыр

Oinet.kz 28-02-2022 555

Screenshot_14.png

Deutsche Welle сайты Мәскеудегі АҚШ елшілігі америкалық азаматтарға Ресейден дереу кетуге кеңес бергенін хабарлады. Америкалық дипломаттар Ресейдегі АҚШ азаматтары "әлі де қолжетімді" коммерциялық рейстерді пайдаланып қалуы керек екенін айтқан.

"Көптеген әуе компаниялары Ресейге және Ресейден келетін рейстерді тоқтатып жатыр, ал көптеген елдер әуе кеңістігін ресейлік әуе компаниялары үшін жауып тастады. АҚШ азаматтары әлі де қолжетімді ақылы нұсқалар арқылы Ресейден шығу мүмкіндігін қарастыруы керек", - делінген мәлімдеме елшіліктің сайтында жарияланған.

Елшіліктің мәліметінше, Украинадағы америкалықтарға қауіпсіз болған жағдайда ғана өз бетінше шығуға рұқсат етіледі. Мемлекеттік департамент Польша, Молдова, Венгрия, Румыния және Словакиямен құрлықтағы шекарадан өтуге кеңес береді.

Елшілік америкалықтардан "АҚШ үкіметі көмегіне зәру болмайтын іс-қимыл жоспарын" ойластыруды да сұрады.

Еске салайық, жақында Еуроодақ Ресей ұшақтарының бүкіл аумағы бойынша ұшуына толық тыйым салуды қамтитын жаңа санкциялар пакетін енгізген болатын. Канада мен Нидерланды да барлық ресейлік операторлар үшін әуе кеңістігін жауып тастаған. Осылайша ресейлік ұшақтар үшін 20 мемлекетке кіру мүмкін емеске айналды.


«Тура жолдан тайма»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа ақ жол тілеп қала берді
Ресей-Украина келіссөздері бес сағатқа созылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу