Арман Әшімов қарсыласын бір соққымен нокаутқа түсірді
Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) спортшысы Арман Әшімов жалаң жұдырықпен өткізген алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы M-1 чемпионы Киев қаласындағы Mahatch FC турнирінде жалаң жұдырықпен өтетін жекпе-жекке алғаш рет қатысты. Қарсыласы бокстан Украина чемпионы, әлем чемпионатына және Еуропа ойындарына қатысқан Тимур Беляк болды.
Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Әшімов бір соққымен қарсыласын нокаутқа жіберді.
Әшімов ережесіз жекпе-жектегі соңғы айқасын 3 қазанда Naiza Fighting Championship 34 турнирінде өткізіп, әзірбайжан спортшысы Серхан Валилиді нокаутқа түсірген болатын.