Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласының аты аталды

Oinet.kz 18-11-2019 1004

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Данияр.jpg

20 желтоқсанда Финиксте (Аризона штаты, АҚШ) Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы Данияр Елеусінов жұдырықтасады. Қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО) болмақ. Ол бұрын WBC Continental Americas чемпионы болған. Кездесу он раундқа жоспарланған.  

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін қыркүйекте Нью-Йоркте америкалық Решард Хикске (12-1-1, 6 КО) қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңген.  

Айта кетейік, Елеусінов жұдырықтасатын бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) қолғап түйістіреді.

Қазақ жігіттері Азия чемпионатынан алты бірдей алтын медаль алды
Лондонда қазақстандық дизайнердің топтамасы көрсетілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу