Геннадий Головкинге лайықты қарсыластың аты аталды

Oinet.kz 19-01-2020 3301

Мексикалық боксшы таяуда ирландиялық Гэри О'Салливанды нокаутқа түсірді. Орта салмаққа ауысқан Хайме Мунгияның (35-0, 28 КО) промоутері Фернандо Бельтран (Promociones Zanfer) мексикалық боксшы үшін лайықты қарсыласты атады, - деп хабарлайды Boxingscene.com сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Картинки по запросу геннадий головкин

«Барлығы да белгілі. Бұл – Геннадий Головкин. Қазақстандық боксшы Мунгия үшін лайықты қарсылас деп білемін. Оның жасы 36-ға келді. Ол бұрынғыдағыдай мықты емес. Ол осыдан үш-төрт жыл бұрынғы нокаутшы емесі анық. Оның әрекет етуі бәсеңдеп жатыр. Жіберген соққылары да көп. Сол үшін де Мунгия үшін осы жекпе-жек маңызды деп ойлаймын», - дейді Фернандо Бельтран. 

Айта кетейік, 12 қаңтарда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Мунгия ирландиялық Гэри О'Салливанмен (30-3, 21 KO) жұдырықтасты. Мексикалық боксшы 11-раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. 

«Промоутер ұсынған адаммен жұдырықтасуға дайынмын, - деді мексикалық боксшы. Менде бірнеше нұсқа бар. Асығудың қажеті жоқ, барлығын да ретімен істеймін. Бізге тиімдісін жасаймыз. Жаңа салмақта өзімді жақсы сезінемін. Алайда көптеген дүниелерді дұрыстау қажеті: қозғалыс, қорғаныс және шабуыл. Мақсатымызға жақын қалдық деп ойлаймын». 

Кездесуден соң Мунгия орта салмақтың чемпиондарына жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс тастады. Жаңа салмаққа ауысу үшін ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.

Еліміздің бірқатар өңірлердегі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
Бір миллиардерден - екіншісіне: Танымал олигархтың экс-жары тағы тұрмыс құрды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу