ДДСҰ омикрон штамының қаупі туралы жаңа деректерді жариялады

Oinet.kz 13-12-2021 1045

Алдын ала мәліметке сәйкес, коронавирустың жаңа омикрон штамы COVID-19-ға қарсы вакциналардың тиімділігін төмендетуі мүмкін, бірақ бұл "дельта" нұсқасына қарағанда қауіпті емес. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жексенбіде таратқан коронавирустың жаңа нұсқасына қатысты техникалық ақпаратта айтылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

image.png

- "Бүгінде омикрон штамына вакциналардың тиімділігі туралы деректер шектеулі және расталған дәлелдер жоқ. Алдын ала деректер және омикрон штамы ақуызының айтарлықтай өзгерген антиген профилі инфекцияға қарсы вакцинаның тиімділігі мен нұсқаның берілуін төмендетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ДДСҰ мәліметінше, алдын ала деректер жаңа штамның қауіптілігі аз болатынын көрсетеді, өйткені анықталған жағдайлардың көпшілігі симптомсыз немесе жеңіл және орташа белгілер арқылы байқалады.

Тоқаев бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградалармен марапаттады
Демонстрация, шеру, пикет өткізудің өз тәртібі бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу