Қазақстанда «омикрон» штамына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі

Oinet.kz 30-11-2021

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап коронавирустың жаңа штамына байланысты шектеулер енгізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты.

image.png

Оның айтуынша, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдаған.

- "Жаңа "омикрон" штамының пайда болуын ескере отырып, оның республика аумағына әкелінуіне жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия мынадай шешімдер қабылдады: Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

"Омикрон" нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету; "Омикрон" штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс", - деді Шоранов.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда коронавирус штамдарын жүйелеуді жалғастыру қажет екенін айтты.

ҚазҰУ: Келбеті өзгеше, келешегі нұрлы «Нұpлы жoл – бoлaшaққa бacтap жoл»
Есікте жазда құрғап қалған өзен жағасы 330 миллион теңгеге абаттандырылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×