ДДСҰ: «Дельта мен омикрон жағдайды ушықтыруы мүмкін»

Oinet.kz 30-12-2021

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус дельта мен омикрон штамдары жағдайды ушықтыруы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

image.png

ДДСҰ басшысы COVID-19-дың жаңа штамдары салдарынан көп адам ауырып жатқанын және ауруханаға жатқызу, өлім-жітім саны да артып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Франция, Ұлыбритания, Дания, Италия, Испания, Португалия, Грекия, Кипр, Италия, Мальта, АҚШ, Боливия, Аустралияда кейінгі күндері ауырғандар саны артқан.

- "Дельта мен омикрон қазір екі есе қауіп төндіреді. Жұқтырғандар саны артуына, ауруханаға жатқызу қаупіне, өлімнің күрт артуына әкеледі. Омикрон трансмиссивті сипат алып, дельтамен бір уақытта таралуы жағдайды ушықтыра ма деп қатты алаңдаймын", - деді ДДСҰ басшысы Twitter-де өткен брифингте.

ДДСҰ басшысының айтуынша, коронавирус инфекциясын жеңу үшін денсаулық сақтау саласындағы теңсіздікті жою қажет.

- "Бұл бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау жүйелеріне қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан біз бай елдер мен өндірушілердің көшбасшыларын болып жатқан жайлардан сабақ алып, әр ел тұрғындарының 70 пайызын вакциналау үшін бірге жұмыс істеуге шақырамыз", - деп түйіндеді ол.

ДДСҰ есебіне сәйкес, бір апта ішінде Еуропада COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайлары 57 пайызға, Америкада 30 пайызға артқан. Қазір әлемде күн сайын 900 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі.

Желіде Қонаевтың алдында ән айтқан Роза Рымбаеваның видеосы жарияланды (видео)
Тоқаев өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×