Желіде Қонаевтың алдында ән айтқан Роза Рымбаеваның видеосы жарияланды (видео)

Oinet.kz 30-12-2021

Желіде Роза Рымбаеваның Дінмұхамед Қонаевтың алдында ән айтқан видеосы жария етілді. Видео авторларының айтуынша, бейнеролик Қонаевтың соңғы туған күнінде түсірілген. 

image.png

Видеода Роза Рымбаеваның әлдебір отырыс үстінде "Қайран жастық" әнін орындап жатқанын көруге болады. Ал кадр сыртындағы дауысқа сенсек, бұл Дінмұхамед Қонаевтың туған күнінен түсірілген бейнекөрініс. 

Сонымен бірге, сюжет Дінмұхамед Қонаевтың соңғы туған күнінде, яғни 1992 жылдың 12 қаңтарында түсірілген болуы мүмкін. 

Отырыста, сонымен бірге, отандық танымал журналист Рабиға Аманжоловаға ұқсас әйел де бой көрсеткен. Өзге қонақтардың есімі аталмаған. 

Ал бөлмеде Қонаевтың жарымен түскен және де отбасылық суреттері ілініп тұр. Отырыс қонақтары Роза Рымбаеваның әсем даусына таңданып, онымен бірге қосылып ән айтуда. 

Канелоның бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты
ДДСҰ: «Дельта мен омикрон жағдайды ушықтыруы мүмкін»


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×