Танымал ақын он баланың әкесі атанды

Oinet.kz 25-11-2021 1067

Танымал ақын әрі Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Маралтай Райымбекұлының оныншы баласы дүниеге келді. Бұл туралы ақынның достары Facebook парақшасында жазуда, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- "Алла көп көрмесін, он бала таптырған Маралтай қандай құрметке де лайық қой, иә?! ...Маралтайдың Қабыланы дүние есігін ашты. Бауы берік, ғұмыры ұзақ болғай", - деп жазды ақын Бауыржан Бабажанұлы. 

- "Маралтай-дос ұлды болыпты. Құтты болсын! Оныншы бала. Бұйырса, келесі жылы футбол командасына толық жетуі мүмкін. Мəкең секілділер қазақты өзі ғана көбейтпей, айналасына үлгі көрсетіп жүр. Алла тағала риза болсын! Мəкең поэзияның ғана емес, демографияның да кентаврі!", - деп жазды желі қолданушысы Алданазар Жайлыұлы. 

Ұлды болғанын Маралтай Райымбекұлының өзі де растап отыр. 

- "Сүйінші! Қабылан Маралтайұлы!", - деп жазды ақын өз парақшасында. 

Айта кетейік, Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданы Игілік ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жастар одағы және мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының (2000) лауреаты. 1997 – 1999 жылдардағы ҚР президенті стипендиясының иегері.

Швеция премьер-министрі сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті
Шәкірті ел алдында басын иіп, құрмет көрсеткен бапкер көз жасын тыя алмады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу