Швеция премьер-министрі сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті

Oinet.kz 25-11-2021 882

Швецияның Социал-демократиялық жұмысшы партиясының жетекшісі Магдалена Андерсон жасылдардың үкіметтен кету туралы шешімінен кейін, елдің премьер-министрі болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

image.png

- "Швецияның жаңадан сайланған премьер-министрі Магдалена Андерсон парламенттік дауыс беру кезінде премьер-министр болып сайланғанына бірнеше сағат өткен соң отставкаға кетті", - деді радиостанция.

Сәрсенбіде Швеция Үкіметінің бюджет жобасы швед риксдагында (ел Парламентінде) өткен дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауысқа қол жеткізе алмады, депутаттардың көпшілігі оппозиция ұсынған жобаны қолдады.

Осыдан кейін Қоршаған ортаны қорғау партиясы Швециядағы азшылық үкіметінен тұратын коалициядан шыққанын айтты.

Арон Атабек қайтыс болды
Танымал ақын он баланың әкесі атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу