Қарақат Әбілдина: «Шіркін болса ғой»

Oinet.kz 11-11-2021 827

Танымал әнші Қарақат Әбілдина үйіне ремонт жасайтыны айтты. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

Қарақат Әбілдина.png

- Көңілінде үміті, көзінде нұры, жүрегінде арманы,кеудесінде жаны бар адамның арманы таусылған ба? Армандар орындалады да ғой, көбіне. Бірақ “қашан орындалады” деп құр күтіп жүрудің де жарамайтын кезі болады. Арманыңа аялдамай адым бассаң әрине тез жетесің екен, көріп келем.

Осы кезде шіркііін болса ғой- деп, тілеп жүрген менің де арманым орындалып тұрғандай. Жақында, ремонт бастаймыз. Бұрын жасап көрмеген жаңа сала болғандықтан маған арманымның толығымен орындалу жолында құрылыс саласындағы тәжірибелі мамандардың кеңесі керек.

Құрылыстың бар құрылымын білетін, қыр-сырын ұғатын, бағыт беріп, бағдар көрсете алатын мықты-мықты құрылысшылар бригадасы,Кафелі бар, лифкасы бар,сапалы материал таңдауы бар қысқасы стройкаға қатыстының бәрі қажет. Ақылдасу, кеңесу, бірлесе жұмыс жасау сияқты барлық ақылға ашықпын - деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің жаңа бастамасына қолдау білдірді.

- "Жаным сол ! Сәттілік барлық бастамаларыңа", "Алла қаласа,бәрі ойлағандай болсын", Қарақат сенің әрбір ісіңе тек сәттілік тілеймін", "Керемет жаңалықты естіп қуанып жатырмыз", "Бәрі де тамаша сәтті орындалатынына сенімдімін,сәттілік Қақатай", "Карақат, алған үйлерің құтты болсын! Шаңырағыңнан күлкі кетпесін! Уйлеріңде тек той болсын! Қызыңды кияға, ұлдарыңды ұяға кондырып бақытты ғұмыр берсін Алла!", "АЛЛА жасайын деп жатқан жұмыстарыңызға сәттілік, береке берсін", "Сәттілік Қарақат сіңлім, Алла жар болсын" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karakat Abildina (@karakat_a)

Головкин қазақстандық боксшыларды Әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады
Еңбекші ауданы аумағында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу