Меруерт Түсіпбаева: Иттің етінен жек көремін
Меруерт Түсіпбаева сезімі мен өзінің көңілі жайлы айтты. Адамнан көңіл қалса мүлде жек көріп кетем, жаным қаласа жан-тәніммен сүйем дейді. Әнші ішкі жандүниесінің сырын ақтарды.
“Әйел сізге қарсы шықса, оны ұмыт. Олар адамды сүйе алады, бірақ кейін жандүниесі ауысып кетуі мүмкін. Олар сенің тұншығып жатқаныңды, аударылып жатқаныңды көріп тұра береді. Оларға бәрібір болып кетеді. Жазушы Буковски осылай депті. Мына жазушы керемет жазған екен. Сөзін парақшама қойдым. Мен дәл осындаймын. Адамды жан-тәніммен сүйемін, жақсы көремін. Көңіл қалса - иттің етінен жек көремін”, – деп жазды әнші.