Ынтымақ пен татулық мекені

Oinet.kz 18-10-2021 552

Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен сол кездегі елордамыз Алматы төрінде өткен бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінде бекітіліп, күнтізбемізге енген атаулы күнді Қазақстан халқы осымен жиырма тоғызыншы рет атап отыр. 

image.png

Биыл да Түлкібас ауданында атаулы күнге орай спорттық іс-шара ұйымдастырылып, аудан әкімі Нұрлан Байғұт бір топ ауыл имамдары мен діни бірлестіктердің басшыларын қабылдап, айтулы мерекелерімен құттықтады.

- «Біз бүгінгі күнге дейін ешбір ұлтты бөлмей, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүрудеміз. Біз алдағы күндерде де балабақша мен мектепте ұлттар арасындағы ынтымақ пен бауырмалдықты үйретіп, жастарымызды тәрбиелеуміз қажет. Ұлтаралық татулық ұрпақтар сабақтастығы ретінде жалғасын табуы қажет. Өйткені біз Елбасы айтқандай бір ел, бір тағдыр, бір болашақта өмір сүретін боламыз» - деді, Нұрлан Мархабатұлы өз сөзінде.

Мерекеге орай арнайы қабылдау өткізген аудан басшысына ауданның бас имамы Серік Мағаз бен ауыл имамдары алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.

Шара барысында аудан тұрғындарын рухани азықтандырып жүрген жандарға аудан әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі    

#құтмекен

#Түлкібас_Түркістан

Министр Тоғжанов шенеуніктерді жазалауды ұсынды
Меруерт Түсіпбаева: Иттің етінен жек көремін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу