«Айыппұл - 118 мың теңге» Танымал журналист айыппұл мөлшеріне сын білдірді

Oinet.kz 07-10-2021 2096

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы көлік жылдамдығын асырғаны үшін белгіленген айыппұл мөлшеріне наразылығын білдірді. Ол айыппұл мөлшері шектен тыс көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

"Жылдамдықты асырғаның үшін" деп, бір емес, екі айыппұл келіпті!

58 340 теңгеден!!!

Адам нанға әрең ақша тауып жүргенде мынандай айыппұл жазып, оборзели что ли??? 

Айыппұл мөлшерін жазатындар, сендердің естерің сау ма??? Айыппұл дегенді де кішкене мимен ойланып, халықтың айлығы мен шайлығын ескеріп жазуға болады ғой!!!

Мынау деген халықты ашықтан ашық тонау ғой!!!! Өз халқыңды өздерің қанап, тонағаннан басқа не білесіңдер өздерің???

Оның үстіне, әр қадам сайын Сергек бар деп, онсыз да жылдамдықты асырмаймыз. Жарайды, 2-10 шақырым, кейде спидометрге қарауды ұмытып, байқаусызда асырып қоятын шығармыз. Сонда сол үшін осылай тонау керек пе??? 

Мыналарың рэкетирство!!!

Банктерің - рэкет!

Соттарың - рэкет!

Сот орындаушыларың - рэкет!

Не заман боп кетті бұл???  Халықты қанау мен тонаудан басқа нәрсені білесіңдер ме өздерің???

Кей трассаларда жүргізушілерді мазақ етіп, 30-40-50 км белгі қойып қоясыңдар! Маңайда не елдімекен жоқ, не аялдама т.б. ештеңе жоқ, ми далаға, төрт жолақты БАМға  осындай төмен жылдамдықты не оймен, не мақсатпен қоясыңдар??? Олай болса жылдам жол - Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолын аталарыңның басына салдыңдар ма? Оның әр шақырымы, аттап бассаң,  жылда қазылып, жылда жамалып жатады. Онсыз да бүкіл трассаларда әр шақырымда сергекті алдынан-артынан түсіретін ғып, ашық та, ағаш арасына да тыға бергенсіңдер!!! Ал ең бір жол өндіретін тәуір жерге 30-40 км белгі қойып қойғансыңдар!  Ұят бар ма өздеріңде???

Оңбайсыңдар ғой!!!

Екі айыппұл - 118 мыңды көріп, нервым шығып отыр. Жалғыз мен - көлікті енді ғана үйреніп, барынша сақ, ақырын, аккуратно жүретін менің өзім, түк ереже бұзбадым дегеннің өзінде  ай сайын осыншама айыппұл төлейтін болсам, онда басқалар қанша төлейтінін елестете алмаймын.... 

Ең ауыры - менің қалтамнан, сіздің қалтаңыздан шыққан миллиондаған, тіпті, миллиардтаған бұл қаржылар мемлекеттің қоржынына - қазынаға түспейді ғой!!! "Сергек" деген - небәрі 2-3 адамның жекеменшік бизнесі!!! Бізді солар тонап жатыр, біздің ақшамыз солардың қалтасына кетіп жатыр!!! 

Жүргізушілер, қалай шыдап жүрсіздер? Көлік мінген айналдырған екі айда мынандай ақшаны қалтамнан Сергек тонап алатын болса, машинаның құны ұшақтың құнындай ұшып бара жатса, бензин ол анау болса!!!...

Мұның бәрі аздай, бүкіл трассаларға "Ақылы жол" деп ілгектерін іліп, онсыз да ақысы аспандап тұрған жолдан тағы ақы алса - БҰЛ НЕ СҰМДЫҚ???

"Сендер тірісіңдер, неғып өлмей жүрсіңдер?" деп тонай беру керек, тепкілей беру керек пе сонда??. Әлде тірілер тірі жүргенімізге кіеәліміз бе??? Әрнәрсенің шегі, қисыны, критерийі, өлшемі, мөлшері болмай ма??? Айыппұл сал, - шегімен, қисынымен сал! Ең алдымен жолдарыңды жөнде! Өмірге қауіпті жерлерге тиісті белгіні іл. Ал келсін-келмесін, миға қонбайтын жерлерге белгі қойып, камера тізе беру не сорақылық???...

Қысқасы!!!

- Апта сайын екі есе, үш есе өспейтін, алғашқы тұрақты мөлшер сақталатын айыппұл бекітілуін;

- ол мөлшер ақылға қонымды, халықтың айлығы мен шайлығын ескеріп белгіленуін; 

- әр адамның әлеуметтік статусы, төлем қабілеті жеке ескеріліп, айыппұл салу механизмдерін қаоыптастыруды;

- көліктің маркасына, жылына орай белгілеуді; (жигули мінген кедей де 58 мың, джип мінген бай да 58 мың төлеуі әділетсіздік!)

- айыппұлды төлеу мерзімін 6-12 ай аралығы деп бекітуді;

- айыппұл үшін жауапқа тартылған адамның бәріне "сотталған" деп клеймо соқпауды!;

- камераларды, жол талаптары кескінделген белгілерді кез-келген жерге тыға бермей, қауіпті аймақтарға, қажетті жерлерге ғана ілуді

ТАЛАП ЕТЕМІН!!!!! - деп жазды журналист.

Ақтөбелік емші келесі Президент кім болатынын айтты (видео)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы талқыланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу