Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Танымал жас ақын Сүндет Сейітов халықтың кедейшілікке ұшырауына - билік кінәлі екенін жазды. Биліктегілер өз қалтасын ойлап, халықты елемеуінің салдарынан мемлекетте қарызға белшесінен батқандар көп екенін мәлімдеді. Бұл туралы ақын Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Елде миллиондаған азаматтың қарызы бар. Қарыз болсаң, шетелге шыға алмайсың. Ал, шетелге шығу - мардымды жалақыға жұмыс істеудің бір жолы. Бірақ, біз көлемі 2 млн 724 мың километрлік түрмеде отырғандаймыз. Бұл - диктатураның бір белгісі. Қарапайым азаматтың табысты болуына қарсы болады да, шен-шекпенділердің миллиардтап қаржы ұрлауына жол ашық. Афшор!
Бүгін Шымкент қаласының бұрынғы әкім орынбасарын сырттай көріп қалдым. Қазір ол жұмыссыз. Бір ресторанда шай ішіп отыр. Сосын оның Тойота Лэнд Крузер 200 көлігі бар екенін көрдім. Сол кісінің қызметтегі жалақысы 600-700 мың теңгенің көлемі болған шығар. Бірақ, анадай қымбат көлікті қалай мінгені, зәулім үйде тұратыны маған күмәнді көрінді. Әрине, қосымша кәсіптері болуы керек. Қызметте де “ләңгі теуіп” жүрмеді ғой. Бірдеңе қылған… Бірнеше жыл бұрын сол кісі жиырма неше миллиард теңгеге жауапты ретінде тексеріске тап болды. Соңынан антикор түсті. Бірақ, нәтижесі - бостандық һәм бейбітшілік, спорт және махаббат!
Күні айлыққа қараған, тағдыры күндікке кіріккен азаматтар банк пен басқа қаржы ұйымдарына қарыздар болып отыр. Кәдімгідей алаяқ. Мына постты оқып отырған азаматтардың көбі банктердің “алаяқтар” тізімінде бар шығар. Халық сол қарыз ақшаны еріккеннен немесе надандықтан алмайды ғой. Бұған түрлі себеп бар. Халықтың кедей болуына халық кінәлі емес, билік пен жүйе кінәлі! Ешкімнің бір-біріне ақыл айтуға хақы жоқ.
Кешегі бес адамның өлімі - шындықтың бес өтірікке оқ атқанындай көрінді. Халықтың оған айтқан агрессивті пікірі де басым. Болашақта бүгіннен қалған естеліктер - сол кездің қайта жасамалмау керек қателіктің ескертуі болмақ.
Мына кез - өте қатыгез де есуас кез болды. Анау зам әкімнің де, ардан безген басқаның да ұрығынан береке келмес. Ұрпағы болса да, үрметтен жұрдай бір тобыр болар", - деп жазды ақын.