Жамбылдағы жарылыста қаза тапқан азаматтардың құрметіне мурал салынды (видео)

Oinet.kz 22-09-2021

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде ерлікпен қаза тапқан азаматтардың құрметіне Петропавл қаласындағы көпқабатты үйдің қабырғасына алып сурет салынды деп хабарлайды Алматы телеарнасы.  

image.png

Туындыны Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің қабырғасына салған. Мурал авторы көкшетаулық суретшілер. Қылқалам шеберлері өрт сөндірушілердің батылдығын барынша айқын көрсетуге тырысқан. 

- "Бұл суретті жасау идеясы бұрын пайда болған, бірақ Тараздағы соңғы қайғылы оқиға жоспарымызды тез іске асыруға әсер етті.  Біз қайтыс болған өртсөндірушілерді ұмытпай, мәңгі еске алуды жөн көрдік. Петропавлдың әрбір тұрғыны, қала қонақтары осы суретті көріп, өрт сөндірушілердің батыл әрі өз өмірін қиған азаматтар екенін біліп жүрсе екен дейміз", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Евгений Журавлев. 

Танымал жас ақын халықты қанаған билікті сойып салды
«Түркиядан үй алған әншілер енді елге қайтатын шығар»


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×