Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды

Oinet.kz 03-09-2021 1272

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 117 адам қайтыс болды, 481 науқастың жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

коронавирус.jpg

ПТР-талдауы расталған (КВИ+) 96 адам коронавирустан, ПТР-талдауы теріс (КВИ-) 21 науқас пневмониядан қайтыс болған.

image.png

Сондай-ақ, 3 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 99 675 адам коронавирус инфекциясынан (92 369 КВИ+ және 7 306 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

 21 714 пациент стационарда,

77 961 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 1 547 адамның жағдайы ауыр,

481 пациенттің жағдайы өте ауыр,

255 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Стивен Кингтің ең танымал романы алғаш рет қазақ тіліне аударылды
Төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу