Төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды (фото)
Алматы облысында төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Күдіктілер ұсталғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Олардың үшеуі 17 жаста, біреуі 18 жаста. Күдіктінің үшеуі Текелі қаласының тұрғыны.
Полиция ақпаратты растады. Жәбірленуші қыздың әкесі арыз түсіргеннен кейін күдіктілер бірден ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, жастар 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- "Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы облысының ПД ресми өкілі Ақбота Қуанышбекқызы.