АҚШ-тағы сұрапыл дауыл: қаза тапқандар саны 45 адамға жетті

Oinet.kz 03-09-2021 993

АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы «Ида» дауылы салдарынан мерт болғандар саны 45 адамға жетті, деп хабарлайды Oinet.kz CNN телекомпаниясына сілтеме жасап.

image.png

Ең қатты зардап шеккен Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарында ондаған адам көз жұмды. Пенсильвания штатында да опат болғандар бар. Ал бұған дейін АҚШ-тың солтүстік-шығысында 29 адамның көз жұмғаны хабарланған еді. 

Сәрсенбі күні үш штаттың билігі «Ида» дауылына байланысты өз аумақтарында төтенше жағдай режимін енгізді. 

Бірнеше сағаттың ішінде Нью-Йоркте 15-25 cм жауын-шашын түскен. Жергілікті тұрғындардың телефондарына су басу және торнадо қаупі туралы хабарлама келген. Бруклин мен Квинс аудандарында жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде көшелер, үйлер, метрополитен стансаларын су басқаны туралы жазды. Нөсер жауын салдарынан үш қалалық әуежай жұмысы уақытша тоқтатылған, қалада өтіп жатқан АҚШ-тың теннистен Ашық чемпионатының (US Open) бірнеше матчы тоқтатылды.

image.png

image.png

image.png

Төрт жігіт 14 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды (фото)
Ауған әйелдері құқығын сақтауды талап етіп шеруге шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу