Ауған әйелдері құқығын сақтауды талап етіп шеруге шықты

Oinet.kz 03-09-2021 844

Ауғанстанда құқыған сақтауды талап еткен әйелдер наразылыққа шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ауған әйелдері.jpg

Ауғанстанның Герат қаласында 70-ке жуық әйел наразылық білдіріп, "Талибан" қозғалысының жаңа басшылығынан (Жоғарғы сот шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) әйелдер құқығын сақтауды және кеңейтуді талап етті.

- "Білім, қауіпсіздік және жұмыс - бұл негізгі құқығымыз", - деп ұрандады шеруге шыққандар.

Митингті ұйымдастырушы Фрибе Кабрзани әйелдердің жаңа үкіметті құруға, кабинет пен ақсақалдар кеңесіне қосылуға мүмкіндігі болуы керек екенін айтты. Оның айтуынша, ауған әйелдері соңғы жиырма жыл ішінде қолжеткізген жетістіктер үшін көп құрбандыққа барған және олардан қолүзуге дайын емес.

- "Бізді әлем естігенін қалаймыз, біз өз құқығымызды сақтағымыз келеді", - деді Кабрзани және ол қазірдің өзінде әйелдер өлтіреді деп қорқып, наразылыққа шықпағанын айтты.

Наразылық акциясының тағы бір ұйымдастырушысы Басир Тагер "Талибан" маңызды шешімдер туралы әйелдермен кеңесуі керек деді. Алайда, оның айтуынша, әйелдер "Талибан" қозғалысының кездесулері мен конференцияларына қатыспайды.

- "Біз олардың тағы да әйелдерді ұрғанын көрдік", - дейді наразылық білдіруші Мәриям Эбрам.

Ауған әйелдері жұмыс берушілердің жұмысқа баруына тыйым салатынын және жынысына қарай жұмыстан босатуға болатынын да айтты.

АҚШ-тағы сұрапыл дауыл: қаза тапқандар саны 45 адамға жетті
Атазаң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу