Бекшин жалған вакцинация паспортын жасатқандарды жазаламайтындарын айтты

Oinet.kz 25-08-2021 1072

Жалған паспорт алған адамдар вакцина салдыра алады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

Screenshot_1.jpg

"Біз рақымшылық жасадық. Жалған паспорт сатып алып, қателік жібергендерді жауапқа тартпаймыз. Олар вакцина пунктеріне барып екпе салдыра алады. Ең бастысы, олар қателескендерін түсінді. Вакцинация барлық адамдар үшін ақысыз. Біздің міндет - оларды жазалау емес. Десек те вакцинация төлқұжатын сатып алғандар себебін түсіндіруі керек", - деді Жандарбек Бекшин.

​Ерке Есмахан Шымкентке келіп вакцина салдырды
Мені далаға лақтырған күзетші емес, әкімдік - Ақбөпе Тәңірберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу