Мені далаға лақтырған күзетші емес, әкімдік - Ақбөпе Тәңірберген
Былтыр «Журналистті менің кабинетіме дейін неге кіргізесің» деп бір аудан әкімі мен кеткен бойда ашуына мініп күзетшісін жұмысынан алып тастаған. Ол азамат бірден бізге хабарласып, заңды түрде жұмысына қайтарылып еді. Күзетші ағам мені ішке кіргізбеді. Жұмысы ғой. Мен баса көктеп кіріп бардым. Себебі осы уақытқа дейін жұмыс барысымен жүзден артық әкімдікке бас сұқтым. Жиі кездеседі. Кіргізбейді. Әкім жоқ дейді. Аудан басшысы мен келген күні ауырып қалады, отпускке шығып кетеді. Соның бәріне тойдым. Неге олар өздері басқарып отырған ауданға қатысты сұрақтарға жауап бергісі келмейді? Менің бағдарламамда негізінен шешілмей, кезек күтіп тұрған мәселер көтеріледі. Ал, олар мақтаса дейді. Істеген істері, жаңашылдықтары жаңалықтардан беріліп жүр ғой. Неге сынайтын тілші келсе мейлінше жолықпауға тырысады. Осының бәрі жиналып, әкімдікке кейде моральды тұрда дайындалып «нагло» кіресің. Сонда ғана сауалдарыңа жауап аласың. Мені, наглыйлығым үшін кешірерсіздер. Соның арқасында инстаграмында керемет белсенді әкімнің ашық әкімдігі жабығын көрдім. Әкіммен мен түгілі қарамағындағы қызметкерлер байланыса алмайтынын көрдім. Әкімдіктегілердің кеше айтқан сөзін бүгін басқаша айтқанын көрдім. Брифингке тек журналистер ғана емес, ұрысқақ апайлар да аяқ асты қатыса алатынын көрдім. (Бұл өнер ғой!) Бастысы ұйымшыл журналистерді көрдім!
Камераның алдында әкімдікте лақтырып жібереді деген ой мүлде келмегендіктен сасқанымнан айғайлай беріппін ғой… Лақша маңыраудың көкесін көрсетті, қысқасы.
Ақбөпе Тәңірбергеннің Facebook парақшасынан