Министр журналист қызды көтеріп алып лақтырып жіберген әкімдікке шүйлікті

Oinet.kz 25-08-2021 8019

Кеше Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігіне кірмек болған Хабар 24 телеарнасының тілшісін әкімдік күзетшісі көтеріп алып сыртқа лақтырып жіберген болатын. Осы оқиғаға байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында өз пікірін білдірді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Өздеріңізге мәлім, Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімдігі қызметкерінің журналист Ақбөпе Тәңірбергенге күш қолданған теріс әрекеті  интернет желісінде қызу талқыланып жатыр. Аудандық әкімдіктің жауапты тұлғаларының бұған қатысты еш шара қолданбауы мәселені тіпті де ушықтырып отыр. Бұл әрине өте өкінішті және біздің бүгінгі “еститін мемлекет”, “ашық әкімдік” қағидаларына қайшы келетін жағдай. Журналистердің құқығын бұзуға, олардың ресми жұмысына кедергі келтіріп, күш көрсетуге ешқашан жол берілмеуі керек. Олар өздерін қай жерде де еркін сезінуі тиіс. БАҚ өкілдері еліміздің тиісті заңнамалары мен нормативті-құқықтық актілеріне сәйкес қажетті толыққанды ақпарат алуға қай кезде де құқылы. Бұл жағдайға қатысты, Алматы қаласы әкімдігінің басшылығы қызметтік тексеру жүргізіп, тиісті шаралар қабылдауы қажет деп санаймын. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылуы тиіс. Алдағы уақытта қай жерде болмасын, БАҚ өкілдеріне қатысты бұндай келеңсіз жағдайларға жол берілмеуі қажет", - деп жазды министр.

Қазақстанға алтын сыйлаған балуан Түркістанда оқиды
Мен Ақбөпемін деп ережені бұза берсек не болмақпыз - желі қолданушысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу