«Білмей қалдық, кешіріңіздер» деп құтылады - Айгүл Орынбек

Oinet.kz 19-08-2021 8723

Белгілі заңгер әрі блогер Айгүл Орынбек ел алдында жүрген өнер адамдарының әрекетін сынға алды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Айгүл Орынбек.jpg

- Білмей қалу заң алдында жауапкершіліктен босатпайды! Әншілер жаппай ломбард24, индиго, лотерея ойнатады, халық алданып қарызға батады, жарнама жасап ақша тапқан жұлдыздар “ білмей қалдық , кешіріңіздер “, деп құтылып кетеді.

Әзілкеш қызын  оқуға түсіру үшін орнына басқа қызды кіргізеді, оны да білмей қалып жауапкершіліктен құтылады. Ал кірген жас қыз соңында бәріне кінәлі болып шығады.

Өнер адамдары мемлекеттік қызметке келеді, артынан жемқорлыққа қарсы шу шығады. Оны да “білмей қалдым, мен шығармашылық адамымын ғой “,деп жәй жылы жауып қоя салады. Ел алдыңда жүрген соң халыққа бір дүниені жарнамаламас бұрын 1000 рет ойлан!

“Білмей қалдым” деп халықты тығырыққа тығудың қажеті жоқ! Мемлекеттік қызметке келдің бе? Халықтың қаржысын миллион рет ойланып жарат. Мемлекеттік орда, сенің бір күн келіп ән салып, сауық сайран құрып кететін ордаң емес! Жалпы ел алдында жүрген жұлдыздар әрбір қадамдарыңды ойланып жасаңдар! Халықты әдемі сөйлеп алдауды тоқтатыңдар! Халықта ел алдында жүр ғой деп жалпақтап астарына көпшік қоюды тоқтату керек.

Заңды бұзып, халықты алдадыма, заңмен жауап беру керек!

Заң алдында жұлдыз деген статус жоқ бәріміз теңбіз! - деп жазды ол. 

Бүгін Елбасының қызы Динара Құлыбаеваның туған күні
Қазақстанда КЕҰ үшін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу