Бүгін Елбасының қызы Динара Құлыбаеваның туған күні

Oinet.kz 19-08-2021 1980

54 жыл бұрын (1967) «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры Динара Нұрсұлтанқызы ҚҰЛЫБАЕВА дүниеге келді. Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 

Динара Құлыбаева.jpg

1989 жылы А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 

1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 

2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 

1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 

2001 жылдан «Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 

2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. 

«Парасат» орденімен марапатталған.

Тоқаев БҰҰ өтінішін қабыл алды - UNAMA қызметкерлері мінген ұшақ Алматыға қонды
«Білмей қалдық, кешіріңіздер» деп құтылады - Айгүл Орынбек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу